Сондерстің мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеуді жеңіп алу - промоутер
©:aol.co.uk
Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен Лондонда өткен баспасөз жиыны кезінде британдық боксшының алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы.
"Сондерстің мақсаты - келесі жылы орта салмақтағы барлық белбеулерді жеңіп алу. Егер Головкин мен "Канело" өзара екінші кездесуді ұйымдастыра алмаса, мұның да бір себебі болады", - дейді Уоррен.
Промоутердің айтуынша, Сондерс келесі кездесуін өткізуге көп уақыт жұмсамайды екен.
"Ол келесі кездесуін көктемде өткізеді. Менің ойымша, жекпе-жек Лондонда өтеді", - дейді ол.
Еске салайық, қазіргі уақытта Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіруге тек Сондерстің WBO белбеуі ғана жетіспей тұр. Отандасымыз өзінің келесі кездесуін көктемде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізуі мүмкін. Қазір екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр. Келесі жылы мамыр айында өтеді деп жоспарланып отырған кездесудің андеркартында Билли Джо Сондерс те өнер көрсетуі әбден ықтимал.

Жарнама