Британдық боксшы Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO белбеуін 16 қыркүйек күні қорғайды, деп хабарлайды
Vesti.kz порталы. Жекпе-жек Ұлыбританияда өтеді.
Британдық боксшының қарсыласы әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар жекпе-жек өтетін спорт кешені де анықталмаған.
Айта кетейік, дәл осы күні, яғни 16 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл кездесу Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.
Бұған дейін Билли Джо Головкин мен "Канело" арасындағы бокс кешінің андеркартында канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесу өткізгісі келетінін айтқан еді.
Жарнама