Профи-бокс
4 маусым 2018 15:14
 
Сондерс тағы қашып кетті. Енді менің командам оның орнын басатын боксшы табады деп сенемін - Мюррей

  Пікірлер

blog.share

Сондерс тағы қашып кетті. Енді менің командам оның орнын басатын боксшы табады деп сенемін - Мюррей Мартин Мюрей. Сурет: Sky Sports

Орта салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер британдық боксшы Мюррей (36-4-1, 17 КО) осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері әрі отандасы Билли Джо Сондерспен м (26-0, 12 КО) өтпей қалған жекпе-жегі туралы айтып берді. 

Негізі бұл боксшылар 23 сәуір күні Лондонда өтуі керек болатын. Бірақ чемпион қолынан жарақаттап алып, жекпе-жек өтпей қалды. 

"Жекпе-жек өтпейтін болды. Сондерс тағы да қашып кетті. Әрине көңіл-күйім жоқ. Бірақ бұл жағдайда мен ешнәрсе өзгерте алмаймын. Жекпе-жекке билет алып, қонақ үйден орын алып қойған жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Жаттығу жұмыстарым зая кетпес үшін менің командам оның орнын басатын жақсы боксшы табады деп сенемін", - деп жазды Мюррей Instagram парақшасында. 

Бұған дейін Мюррей Сондрестің жарақатын ойлап шығарды деп кінәлаған еді Оның ойынша, Сондрес бұл кездесуден көбірек табыс түсіретін жекпе-жек үшін бас тартты деген болатын. Сондерстің алдағы қарсыластары орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) немесе Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) болуы мүмкін. 

Жарнама

Живи спортом!