Профи-бокс
10 қараша 2017 13:18
 
Сондерс пен Лемье кездесуі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға кедергі болмайды деп сенемін - Санчес

  Пікірлер

blog.share

Сондерс пен Лемье кездесуі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға кедергі болмайды деп сенемін - Санчес Абель Санчес. ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша  әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Behind the Gloves басылымына берген сұқбатында егер қазақстандық боксшының мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін кездесуге Сондрес пен Лемьенің жекпе-жегі кедергі болатын болса, GGG басқа қарсыластармен жекпе-жек өткізетінін айтып берді. 

Бапкердің пікірінше, қазіргі уақытта жанкүйерлер мен промоутерлердің ойы екі түрлі болуы мүмкін екен. 

"Канеломен" екінші кездесуді ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін. Бұл кездесуді жанкүйерлер мен тілшілер асыға күтіп отыр. Бұл өтуге тиесі кездесулердің бірі. Сондрес пен лемье арасындағы кездесуде керемет жекпе-жек. Менің ойымша бұл кездесудегі боксшылардың жеңіске деген мүмкіндіктері 50 де 50. Менің ойымша, бұл кездесудің жеңімпазы "Канело" мен Головкин арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуі керек. Бірақ кейде промоутерлерді ойы жанкүйерлердің ойымен келіспей жатады. Сондрес пен Лемье кездесуі біздің жекпе-жекке кедергі келтірмейді деп сенемін. Егер кедергі келтіретін болса, Головкин басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізеді. Біздің келесі кездесуді ұйымдастыру Леффлер мен ағайында Германдардың жұмысы. "Канеломен" келісімге келеді деп ойлаймын. Болмаса басқа қарсылас іздестіреміз", - дейді Санчес. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындыс бойынша тең нәтиже тіркелді. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. 

Ал Сондрес пен Лемье арасындағы кездесу 16 желтоқсан күні Канаданың Лаваль қаласындағы Place Bell спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Жарнама

Живи спортом!