"Желтоқсанға дейін күт. Сосын лайықты әлем чемпионына қарсы кездесуге шық. Күте тұр. Кездесуді ұйымдастырамыз. Біз желтоқсанға дайын боламыз. Барлығы әділ болады. Бірдей жағдайда боламыз.
Тағы бір айтатын жайт, менің гонорарымды өзіңе ала сал. Егер әрине мені жеңетін болсаң. Ант етемін. Егер мені жеңетін болсаң, сыйақы сенде қалады. Егер "Канело" Англияға келетін болса, мен онымен тегін кездесемін. Жеңетін болсам, келісімшарт бойынша сыйақымды аламын. Жеңбесем, төлемей-ақ қойыңызар. Мен "Канелоны" жеңетініме сенімдімін", - деді Сондерс.
Айта кетейік, "Канело" мен Сондерс мамыр айында кездесуі керек еді. Бірақ бұл кездесу коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. Содан соң Альварес шаршы алаңға қыркүйек айында оралатыны айтылды. Бірақ қазір ол қарсылас таба алмай жатыр.