Профи-бокс
27 наурыз 2018 14:57
 
Сондерс "Канелоның" орнына Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Сондерс "Канелоның" орнына Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді Билли Джо Сондерс. Сурет: theworldboxingwall.com

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допингпен ұсталып қалған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) орнына осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуге дайын. Бұл туралы британдық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен айтты. 

"Бұл допингке қатысты жағдайдан кейін Альвареске қандай да бір жаза қолданылады деп сенемін, Сонымен қатар оны 5-мамыр күні жекпе-жекке қатыстырмай қойса, таңғалдырмаймын. Бірақ ұйымдастырушылардың ешқайсысы мұндай үлкен бокс кешінен бас тартқысы келмейді. Ал Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Билли Джо Сондерс болуы мүмкін. Ол жекпе-жекке дайын", - деді Уоррен BoxingScene.com порталына берген сұқбатында. 

Негізі Сондрес 14-сәуір күні Лондондағы (Англия) O2 спорт кешенінде отандасы Мартин Мюррейге қарсы кездесуде өзінің чемпиондық белбеуін қорғауы керек. Бірақ чемпион жаттығу кезінде қолын жарақаттап алыпты. Сондықтан да жекпе-жекті 23-маусымға ауыстырып отыр. 

Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер отандасымыз Альварестің ісі қалай аяқталғанына қарамастан, 5-мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын айтты. Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек. Бірақ жекпе-жектің өту, өтпеуі әлі белгісіз болып тұр. 

Альварестің орнына Головкинмен жекпе-жек өткізуге бірінші орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) дайын екенін айтты. Сонымен қатар Головкиннің WBC белбеуіне басты үміткер жермалл Чарло (26-0, 20 КО) да жекпе-жек өткізуге дайын екен. 

Жарнама

Живи спортом!