LhIcUxqILtcUOD84xUTslD1QvArO2TXbbbn4qJfp
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сондерс жекпе-жегін шілдеде өткізетін болды

Сондерс жекпе-жегін шілдеде өткізетін болды
© akboxing.ru
Британдық промоутер Фрэнк Уоррен орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстың (24-0, 12 КО) шаршы алаңға қашан оралатынын айтып берді. 

"Сондерс жекпе-жегін шілдеде өткізеді. Бұл туралы жақын арада ресми түрде хабарлаймыз. Біз Биллиге мүмкіндік беру үшін, Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келген. Өкінішке қарай, кездесуді ұйымдастыра алмадық", - дейді Уоррен iFL TV порталына берген сұқбатында.

Еске салайық, бұған дейін Сондерсті орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және  IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған еді. Екі боксшының командасы кездесуді Астанада өткізу керек болған. Бірақ соңғы мәліметтер бойынша, бұл жекпе-жек болмайтын болды. 

Yahoo! Sports порталының  журнлисі Крис Мэнникс өз дерек көзіне сілтеме жасап, Головкин-Сондерс жекпе-жегі маусым айында өтпейтінін хабарлады. Сондерстің орнына Головкин бар назарын "Канеломен" жекпе-жекке салып отыр. Ал мексикалық боксшының промоутерін бұл жаңалық қуантты. ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль де Сондерспен жекпе-жек болмайтынын айтқан болатын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар