Сондерс жекпе-жегін шілдеде өткізетін болды
© akboxing.ru
Британдық промоутер Фрэнк Уоррен орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстың (24-0, 12 КО) шаршы алаңға қашан оралатынын айтып берді.
"Сондерс жекпе-жегін шілдеде өткізеді. Бұл туралы жақын арада ресми түрде хабарлаймыз. Біз Биллиге мүмкіндік беру үшін, Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келген. Өкінішке қарай, кездесуді ұйымдастыра алмадық", - дейді Уоррен iFL TV порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, бұған дейін Сондерсті орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған еді. Екі боксшының командасы кездесуді Астанада өткізу керек болған. Бірақ соңғы мәліметтер бойынша, бұл жекпе-жек болмайтын болды.
Yahoo! Sports порталының журнлисі Крис Мэнникс өз дерек көзіне сілтеме жасап, Головкин-Сондерс жекпе-жегі маусым айында өтпейтінін хабарлады. Сондерстің орнына Головкин бар назарын "Канеломен" жекпе-жекке салып отыр. Ал мексикалық боксшының промоутерін бұл жаңалық қуантты. ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль де Сондерспен жекпе-жек болмайтынын айтқан болатын.

Жарнама