vxbXMexFw5dq9TgOEEuVLQs2btM10cmjqscLWcNh
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сондерс Хурцидзенің бапкерімен бәстесті

Сондерс Хурцидзенің бапкерімен бәстесті
Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс - WBO белбеуінің иегері. Геннадий Головкин дәл осы атақ үшін таласып, орта салмақта абсолютті чемпион атануды көздейді.

Сондерс те алдағы Головкин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалайды. Алайда оған алдымен 8 шілде күні грузин боксшысы Автандил Хурцидзеге (32-2-2, 22 KO) қарсы жекпе-жекте өз титулын қорғап шығу қажет. Осы кездесуге арналған кешегі баспасөз мәслиxатында Сондерс өз қарсыласын біраз сынап, намысына тиетін сөздерді де айтты. Ағылшын тілін білмейтіні үшін тиісті.

Оған Хурцидзенің бапкері Андре Розье шыдай алмай: «Мен сенің дөрекі екеніңді жақсы білемін. Шәкіртім сені жеңу үшін келді. Ертең сенің бетіңді аймандай еткен кезде көрерміз», - деп ашуланды. Сондерс те қарап қалған жоқ. Қарсыласының бапкеріне бәстесуді ұсынды. Шарты - Сондерс жеңсе, бапкердің гонорарын алады. Ал Хурцидзе жеңімпаз атанса, Билли өз гонорарын қарсыласының бапкеріне беруге әзір. Андре Розье өз келісімін берді.

Айта кетейік, ұлыбританиялық боксшы Сондерс өзінің дөрекі мінезімен талай рет көзге түскен. Геннадий Головкинге де тиісіп, сын айтқан. Тіпті, GGG допинг қабылдайды деген емеурін де жасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар