auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сондерс Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектің қайда және қашан болатынын айтты

Сондерс Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектің қайда және қашан болатынын айтты

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиоарнасына берген сұхбатында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) 24 маусымда Лондонның О2 Arena залында жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігін жеткізді.

Бұл туралы өзінің твиттер желісіндегі парақшасында ресейлік бокс комментаторы әрі журналист Григорий Стангрит жазды. "Билли Джо Сондерс "BBC Radio 2" радиоарнасына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жек 24 маусымда Лондонның О2 Arena залында өтуі мүмкін екенін айтты", - делінген жазбада. 





Айта кетейік, осы аренада Головкин басқа бір ұлыбританиялық юоксшының - Келл Брукпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу 2016 жылы 10 қыркүйекте өтті және бесінші раундта Бруктың командасы шаршы алаңға сүлгі лақтырғаннан кейін, кездесу тоқтатылды. Бұл жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады.

Осыған дейін, америкалық белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com басылымына берген сұхбатында Головкин-Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, GGG - Сондерс жекпе-жегі Ұлыбританияда өтпейді. "Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді"

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама