Профи-бокс
30 қаңтар 2018 18:07
 
Сондерс Головкин - "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Сондерс Головкин - "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін айтты Били Джо Сондерс. Сурет: theworldboxingwall.com

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) кезекті рет WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен  мексикалық Саул "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін білдірді.

Еске сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жек 5-мамыр күні өтетін болғанмен әлі өтетін орны белгілі болмады. Сондерстің айтуынша бұл жекпе-жектің жеңімпазы онымен кездесуден бас тартар болса, онда қорыққаны дейді.

"Мен үздік сияқты көрінемін, бірақ кім біледі не боларын", - деді Сандерс BBS Sport порталына берген сұхбатында. "Лемьемен кездесуді жеңгеннен кейін мен оларды менімен кездеспеді деп кінәламаймын.Қазір олар үлкен ақша қойған екінші кездесумен бастары қатып жүр. Қаржы тұрғысынан мен оларды көре алмаудан аулақпын. Бұл жекпе-жектен кейін біздің ешқайсымызға ақталу жоқ.Егер мен жеңімпазбен кездесу өткізбесем мен қорыққан болып саналамын. Бұл әділ шешім деп санаймын".

Бұған дейін Сандерс 2018 жылы абсолютті әлем чемпионы боламын деген ойымен бөліскен болатын. Ол үшін Головкиннің жеткен жетістіктері қажет. Головкин мен Сондерс 2016 жылы жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп,  бітімге келе алмаған болатын.

Жарнама

Живи спортом!