auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Шүменовті жеңген бокс тарихындағы ең егде чемпион карьерасын қайта жалғастырмақ

Олар 2014 жылы кездескен болатын.

Шүменовті жеңген бокс тарихындағы ең егде чемпион карьерасын қайта жалғастырмақ
Сурет: ringtv.com
Бокс тарихындағы ең егде чемпион Бернард Хопкинс карьеарсын қайта жалғастырмақшы. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр. 

Америкалық боксшы карьерасын қайта жалғастыруға Майк Тайсон мен Рой Джонс түрткі болғанын айтып отыр. Тайсон мен Джонс жақында өзара кездесу өткізеді. Сондай-ақ ақырындап бабына келіп жатқан Эвандер Холифилд те себепкер болған екен. 

Хопкинс қарсылас та тауып қойыпты. Ол Рой Джонсонмен үшінші рет кездескісі келеді. Бұл екі боксшы арасындағы есеп бірде бір. 1993 жылы Джонс жеңсе, 2010 жылы Хопкинс үстем түскен еді. 

"Біз екі рет кездесіп, әзірше бірде бір есебімен тең тұрмыз. 1993 жылы ол мені жеңген еді. Арада 14 немесе 16 жылдан кейін мен есемді қайтардым. Үшінші кездесудің талаптары тек маған қатысты болатын болса, мен салмақ таңдайтын едім. 

Екеуміз мүлде екі түрлі боксшымыз. Оны Олимпиада чемпионы деп айтуға болады. Иә, мен оны Сеулде өткен Олимпиаданың жеңімпазы деп санаймын. Ал мені 1988 жылы қайда болғанымды білесіздер (Хопкинс сол жылы түрмеден шықты). Бірақ тағдырдың жазуымен бір шаршы алаңда кездестік. 1993 жылы жеңілгенім анық. Мен ол кезде бокстың қитұрқылықтарына енді үйреніп келе жатыр ем. Ал ол нағыз бабында болды. Сол үшін мен Джонспен үшінші рет кездесуге дайынмын", - деді Хопкинс. 

Айта кетейік, Тайсон мен Джонс арасындағы кездесу 12 қыркүйек күні Dignity Health Sports Park (Карсон, Калифорния штаты, АҚШ) аренасында өтеді. Кездесуді Triller сервисі PPV жүйесі бойынша көрсетеді. 

Еске салайық, 2014 жылдың сәуір айында Хопкинс қазақстандық Бейбіт Шүменовпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткентұғын. Бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта IBF және WBA (Super) белбеулері сарапқа салынды. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар