Профи-бокс
10 сәуір 2017 12:11
 
Шүменов Дортикосқа қарсы жекпе-жекке толық дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Шүменов Дортикосқа қарсы жекпе-жекке толық дайын екенін айтты © Getty Images

Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымының "аралық" чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) осы салмақта WBA тұжырымының уақытша чемпионы кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты. 

"Соңғы өткізген жекпе-жегімнен кейін мен спорт залда көп жаттығу өткіздім. Маған қарсы шаршы алаңға шыққысы келетін кез-келген боксшымен шаршы алаңғы шығып, белбеуімді қорғауға дайынмын. Денис Леведев кез-келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын дейді. Бірақ маған келгенде қашып жүр. Ал Дортикос болса мен 11 ақпан күні Майамиде өтуі керек болатын жекпе-жекке қол қойғаннан кейін, тіпті жоғалып кетті. Осынша жағдайдан кейін мен онымен 29 сәуір күні жекпе-жек өткізуге қол жеткізгеніме қуаныштымын", - деп келтіреді Шүменовтың сөзін Worldboxingnews.net порталы. 

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос арасындағы жекпе-жек 11 ақпан күні өтуі керек еді. Бірақ Дортикостың жекпе-жектерін ұйымдастыратын Caribe Promotions промоутерлік компаниясы кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып қалды. 

Содан кейін бұл құқық TGB Promotions промоутерлік компаниясында қызмет ететін Том Браунға өтті. Оның ұсынысы өткен жылғы бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға байланысты өткен бәссаудада екінші болған еді. Енді бұл екі боксшы арасындағы кездесу 29 сәуір күні Лас-Вегаста өтетін болды. Шүменов пен Дортикос арасындағы кездесудің жеңімпазы WBA тұжырымының "суперчемпионы" ресейлік Денис Леведевпен міндетті түрде жекпе-жек өткізеді. 

Жарнама

Живи спортом!