auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шолушы Головкин мен "Канелоның" қарсыластарын салыстырды

Шолушы Головкин мен "Канелоның" қарсыластарын салыстырды
© TalkCeltic
Boxingnews24.com порталының шолушысы Джефф Араноу мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) 10 мықты қарсыласын салыстырды.

Шолушының бұл салыстыруына Флойд Мейвезердің ағасы америкалық бапкер Джефф Мейвезердің таяудағы мәлімдемесі себеп болған. Ол "Канело" Головкинді жеңеді деп мәлімдеген. Бұған себеп деп ол мексикалықты "Головкинге қарағанда мықтырақ боксшылармен жұдырықтасты" деп атаған еді.

"Альварестің түйіндемесінің Головкиндікінен асып бара жатқан дымы да жоқ. "Канелоның" қарсыластары туралы айтқанда көп адамдар асыра сілтейтін сияқты. Ол өзінің үздік кезіндегі боксшылармен жұдырықтасқан жоқ. Ол бірнеше атақты боксшымен жұдырықтасты, олар мансап жолын аяқтауға жақын жүрген адамдар еді, мысалы - Шейн Мозли. Бұл жекпе-жектің өзінде "Канело" 40 жастағы Мозлиге қарағанда ауыр болып шықты", - деген шолушы Альварестің үздік қарсыластарын тізіп берді.

1. Флойд Мейвезер - ол "Канелоны" жеңді.
2. Эрисланди Лара - Альварестен қазылар алқасының даулы шешімімен жеңілді.
3. Мигель Котто - "Канелодан" аз ғана ұпаймен жеңілді.
4. Остин Траут - жекпе-жек тең болуы керек еді.
5. Шейн Мозли - ол 40-та еді.
6. Лиам Смит - 154 фунт салмағында ең әлсіз чемпион саналатын.
7. Хулио Сезар Чавес - салмақ тастап, әлсіреп қалған.
8. Әмір Хан - жартылай орта салмақтың боксшысы, кездесуде өзінің мықты қалпында болмады.
9. Кермит Синтрон - кездесуде өзінің мықты қалпында болмады.
10. Карлос Бальдомир - кездесуде өзінің мықты қалпында болмады.

Айтуынша, "Канело" ұлы боксшылармен жұдырықтаспаған. Ұлылардың ішінде Флойд Мейвезер ғана болған. "Ол Мигель Котто, Шейн Мосли және Карлос Бальдомир сияқты жақсы боксшылармен жұдырықтасты. "Канело" Остин Траутпен және Эрисланди Ларамен кездесті, бірақ олар ұлы емес. "Канело" Ларадан да, Трауттан да жеңіліп қалса керек", - дей келе шолушы Головкиннің 10 үздік қарсыласын тізді:

1. Дэниэл Джейкобс.
2. Давид Лемье.
3. Мартин Мюррей.
4. Кертис Стивенс.
5. Вилли Монро.
6. Марко Антонио Рубио.
7. Габриэль Росадо.
8. Кассим Оума.
9. Дэниэл Гил.
10. Келл Брук.


"Шынымды айтсам, қарсыластарының сапасына келгенде "Канелоға" қарағанда Головкиннің жүріп өткен жолы ауыр болды деп есептеймін. Головкиннің тізіміндегі алғашқы алтауды қараңыздар. Алтауын да жеңу өте қиын. Бұл сіздерге әлсіз Мейвезер немесе шау тартқан Котто емес. Головкинмен жұдырықтасқандар ең мықты формасында еді. Меніңше, Джефф Мейвезер сияқты адамдар Головкиннің қарсыластары жайлы ештеңе де білмейді", - деп мәлімдеді Джефф Араноу.

"Головкин мен "Канелоның" үздік қарсыластар тізімін салыстырып көрсеңіздер, айырмашылықты байқайсыздар. "Канело" жұлдызы жанып тұрған қарсыластармен жұдырықтаспады, жекпе-жек кезінде олар шау тартып, спорттан кетудің алдында жүргендер еді. Оның үстіне, "Канело" рингке олардан ауыр болып шықты. "Канело" мен Коттоны салыстырып көріңіздер. Мослимен, Цинтронмен, Бальдомирмен және Ханмен салыстырыңыздар. "Канело" бұл жігіттерден ірілеу болды", - деп жазды автор.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама