Профи-бокс
8 қараша 2020 14:06
 
Шеремета Головкинмен желтоқсан айында жекпе-жек өткізетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Шеремета Головкинмен желтоқсан айында жекпе-жек өткізетінін айтты Сурет: Vesti.kz. Турар Казангапов©

Полшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) желтоқсан айында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесу өткізетінін растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, бұған дейін америкалық тілші Майк Коппинджер бұл кездесудің 18 немесе 19 желтоқсан күні өтетінін хабарлаған болатын. Осыдан кейін Шеремета өзінің Instagram парақшасында осы жаңалық айтылған постты репост жасады.

Айта кетейік, Шеремета Головкиннің IBF белбеуінің басты үміткері. Бұл боксшылар негізі наурыз айында шаршы алаңға шығуы керек болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кездесу кейінге шегерілді. 

Соңғы рет Головкин шаршы алаңға 2019 жылы Нью-Йорк қаласында шығып, укранилық Сергей Деревянченконы жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз екі белбеу жеңіп алды. Бұл бокс кешінде Шеремете да шаршы алаңға шығып, мексикалық Оскар Кортесті жеңген болатын.

Жарнама

Живи спортом!