Профи-бокс
12 қараша 2020 21:05
 
Шеремета Головкинмен болатын кездесудің алдында спарринг қарсыластарын таңдады

  Пікірлер

blog.share

Шеремета Головкинмен болатын кездесудің алдында спарринг қарсыластарын таңдады Камил Шеремета. Сурет: wrotapodlasia.pl©

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін кездесудің алдында спарринг қарсыластарын таңдады,- деп хабарлайды ringpolska.pl.

Алдағы кездесуге дайындық барысында оған отандасы Мацей Сулецки (29-2, 11 KO) мен Рафал Волчецкий (1-0, 1 KO) көмектесетін болады. 

Бүгін Шеремета Польшаның Варшава қаласында жаттығу жиындарын бастаған екен. Бұған дейін ол туған қаласы Белосток қаласында болып, демалған. 

Еске салайық, америкалық инсайдер Майк Копинджердің ақпараты бойынша, Головкин мен Шеремета арасындағы кездесу 18 немесе 19 желтоқсан күні АҚШ-та өтеді. 

Шеремета - Головкиннің IBF белбеуінің міндетті қарсыласы. Ол соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қазан айында Нью-Йорк қаласында шығып, мексикалық Оскар Кортесті жеңсе, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Головкин украиналық Сергей Деревянченконы ұтты. 

Жарнама

Живи спортом!