Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Лас-Вегасқа мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Лас-Вегаста болу керекмет сезім. Жекпе-жек осы жерде болатыны қандай жақсы. Шаршы алаңға шыққанға дейін мен Геннадий Головкинмін, ал рингте - Triple G. Бұл менің қатігез екенімді білдірмейді. Менің бар ойым жекпе-жекте. Бұл фанаттар үшін сөзсіз жақсы кездесу. Мен үшін де керемет жекпе-жек. Маған ұнары сөзсіз.
Мен Альвареспен оның Коттомен өткізген жекпе-жегінен кейін жұдырықтасқым келді, себебі ол менің міндеттелген қарсыласым болды. Мен ескі мектептің шәкіртімін. Мен бір ғана чемпионның болатынына сенемін. Спорттық мансабымда мен қалаған қарсыластар [Феликс Штурм, Серхио Мартинес, Мигель Котто] менімен шыққысы келмеді. Алайда енді барлығы сенбіде аяқталады", - деп жазады BoxingScene Головкиннің сөзін.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама