auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шарипова өзінің келесі кездесуін Алматыда IBO белбеуі үшін өткізеді

Шарипова өзінің келесі кездесуін Алматыда IBO белбеуі үшін өткізеді
Суретті Фируза Шарипованың командасы ұсынды.
Жеңіл салмақта WIBA және WBU белбеулері бойынша әлем чемпионы қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (7-1, 4 КО) келесі кездесуін Алматыда өткізеді. Жекпе-жек бұған дейін жоспарланған 30 желтоқсан күні емес, 17 желтоқсан күні өтеді. Бұл туралы боксшының баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Кәсіпқой бокс кешін Шапированың FSK Promotion промоутерлік компаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізеді. 

"Мен менеджері Сергей Завильскиймен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен оның орынбасары Арман Қырықбаевпен және Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовпен кездесу өткіздік. Кездесудің қорытындысы бойынша, әкімшілік алдағы бокс кешіне қолдау білдіретін болды. Көпшілікті үлке бокс кеші күтіп тұр. Кештің басты жекпе-жегінде мен шаршы алаңға шығамын. 

Барлық мәселелі шешіліп, екінші жеңіл салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен кездесу ұйымдастыру туралы бітімге келдік. 

Жекпе-жек кешін атақты Александр Загорский жүргізеді. Ол осы уақытқа дейін тек Ресейдік ғана емес Еуропа мен Азияның үздік ринг-хабарлаушысы атанған. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Монакодағы Sportel бокс көрмесінде Қазақстанда өтетін кездесуді бірнеше әлемдік арналар көрсетеді. Ал бокс кешіне билет сатып алған жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады", - дейді Шарипова. 

Еске салайық, бұған дейін Шарипова кәсіпқой бокстағы өзінің тоғызыншы кездесуін Астана қаласында өткізеді деген хабар тараған еді. Оның қарсыласы екінші жеңіл салмақтағы IBO белбеуінің иегері бельгиялық Джермалла Гонтарюк (13-4-1) болады делінген. Бірақ кейіннен бельгиялық боксшы Шариповамен кездеспейтінін, оның орнына мықты қарсылас қарастырып жатқанын айтты. Ал кеше ол әлеуметтік желісінде видеожолдау жасап, Шарипованы жекпе-жекке шақырды. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама