Профи-бокс
2 наурыз 2018 10:29
 
Сергей Ковалев Андре Уордпен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Сергей Ковалев Андре Уордпен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтты Сергей Ковалев. Сурет: РИА Новости

Жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінің иегері ресейлік Сергей Ковалев Андре Уордпен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтып, америкалық боксшыдан екі рет жеңілгені өз үшін үлкен сабақ болғанын мойындады. 

"Мен Уордпен үшінші рет қуана кездесер едім. Кез-келген уақытта кез-келген жерде. Мен екі рет жеңілгеніммен келіспеймін. Біз теңдей жағдайда болмадық. Бірінші жекпе-жекте менің қателігім болды. Бапкерім нашар еді. Ол мені тым қатты дайындалып кеткенімді көріп, сонда да ештеңе демеді. Оның басты мақсаты - менен ақша алу еді. 

Екінші жекпе-жек. Мен оған психологиялық тұрғыдан дайын болмадым. Бабыма да келе алмадым. Ол кездесуге дұрыс дайындық болмады. Ұзақ уақыт жекпе-жектің қашан өтетінін айтпады. Сол үшін мен отбасыммен Азияға демалысқа кетті. Уордтың командасы бізді алдап жүрді. Кездесудің уақытын жекпе-жекке екі ай қалғанда ғана жариялады. Бұл уақытта мен тыңғылықты дайындалып үлгермедім әрине. 

Бірінші жекпе-жектен кейін біз бір деңгейде болдық. Содан соң Уордтың деңгейі өсіп, менімен өтетін екінші кездесуде дайындалып жүрді. Мен болсам дегредацияға ұшырап, нашарлай бердім. Мен жекпе-жектің уақытын білмедім себебі. Сонымен қатар екінші кездесудің өтетінін нақты білмедім. Оның үстіне менде кішігірім депрессия болды. Кішкентай емес, үлкен десем де болады. Себебі, бірінші кездесуде менің белбеулерімді тартып алды", - деп келтіреді Ковалевтің сөзін "Советский спорт" басылымы. 

Жарнама

Живи спортом!