Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО) америкалық қарсыласы Джошуа Конлиден (17-4-1, 11 КО) айласын асырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу Бруклиндегі (Нью-Йорк, АҚШ) Barclays Center спорт кешенінде болды. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып, соңына дейін өтті.
Он раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 98-92, 99-91, 99-91 есебімен Деревянченкоға берді.
Айта кетейік, бұл бокс кешінде Дәурен Елеусінов те өнер көрсетіп, жеңіліп қалды.