Профи-бокс
8 мамыр 2022 10:52

Сенсация! "Канело" күтпеген жерден Биволдан оңбай жеңілді

©DAZN

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. 

Кездесу 12 раунд болды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол "Канелоны" біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтық қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға  берді. 

Айта кетейік, супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы деген атағы бар Альварес карьерасында екінші рет жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. Ал Бивол болса 20 рет жеңіске жетті. Ресейлік мүлде жеңілмеген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport