Сегіз қарсыласын нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтановтың келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

©

Кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, 8 кездесуде қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (14-8-0) келесі кездесуі қашан өтетіні белігілі болды. 

Boxrec ақпараты бойынша, орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз келесі кездесуін 11 қыркүйек күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізеді. Бірақ қарсылас әлі анықталмаған. 

Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылдың желтоқсан айында сол Екатеринбург қаласында шығып, ресейлік Илья Баландиді (4-3-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 

Айта кетейік, дәл осы бокс кешінде 2016 жылы Рио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті "күмәнді" жеңген Евгений Тищенко (8-1-0) да шығады. Оның қарсыласы 35 жастағы ресейлік Дмитрий Кудряшов (24-4-0) болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар