Профи-бокс
28 ақпан 2021 10:28

Сауль "Канело" Альварес түркиялық қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірді

Сурет: DAZN

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес түркиялық қарсыласы Авни Йылдырымды жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өтті. Кездесуде "Канело" өзіне тиесілі екінші орта салмақтағы WBA (Super) және WBC белбеулерін қорғады. 

Жекпе-жек бастала салысымен мексикалық боксшы басымдықты өз қолына алды. Үшінші раундта мексикалық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. Бұл кезде Авни есін жиып, кездесуді ары қарай жалғастыра алды. 

Төртінші раундта да Сауль қарсыласына бірнеше керемет соққы жасады. Осы кезде түркиялық боксшының командасы айқасты тоқтатты. 



Осылайша "Канело" өз карьерасында 55-і жеңісіне қол жеткізді. Мексикалық боксшы 37 рет қарсыласын нокаутпен жеңіп отыр. Ал Йылдырым болса үшінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, енді Альварес келесі кездесуін мамыр айында өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы британдық боксшы Билли Джо Сондерс болады деген ақпарат бар.