Супер орта салмақта WBC, WBA және WBO белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) келесі кездесуінде әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады. Бұл туралы бокс инсайдері Майк Копинджер хабарлап отыр.
Мексикалықтың келесі қарсыласы супер орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плант болады.
Кездесу 18 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді деп жоспарланған. Кездесуді FOX Sports телеарнасы көрсетеді. "Канело" осы арнамен бір кездесуге келісімшарт жасапты.
Егер екі тарап кездесуді өткізуге келісе алмаса, мексикалық жартылай ауыр салмақтағы WBA