Профи-бокс
10 желтоқсан 2020 15:50
 
Сауль "Канело" Альварес бокстан қашан кететінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Сауль "Канело" Альварес бокстан қашан кететінін айтты Сауль Альварес. Сурет: si.com

Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы 30 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) карьерасын қашан аяқтайтынын және содан соң не істейтінін айтты. 

"Канело" келесі кездесуін 19-желтоқсан күні өткізеді. Оның қарсыласы британдық боксшы Каллум Смит болады. Содан соң ол екінші орта салмақтағы барлық белбеуді иеленуге ниетті екен. 

"Менің мақсатым - 35 жаста бокстан кету. Бірақ, оған дейін менің ағзам қалай болатынын білмеймін. Мен екі-үш жылдан кейін дәл осы деңгейде өнер көрсете аламын ба, жоқ па білмеймін. Әйткенмен, басты мақсатым 35 жаста кетіп, кейін бизнеспен айналысып, гольф ойнағым келеді", - деді "Канело" ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында. 

Сондай-ақ ол P4P рейтингінде оны бірінші орынға қоймай жатқан мамандардың пікіріне неге көңілі толмайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ол Теренс Кроуфордан кейін екінші орында тұр. 

"Бокстан хабары бар мамандар мені салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің ең үздік боксшысы екенін жақсы біледі. Оны дәлелдеудің де қажеті жоқ. Мен әр кездесуде өзімнің деңгейімді көрсетемін. Әрине, барлық адамның көңілінен шығу мүмкін екен. Енді тіпті дәлелдегім де келмейді", - деді боксшы. 

Жарнама

Живи спортом!