Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) Golden Boy промоутерлік компаниясы мен DAZN стримингтік сервисімен келісімге келе алмай, оларды тағы да сотқа берді.
Екінші шағымды боксшы Калифорния штатының Лос-Анджелес округінің сотына берген.
Альварес бұл екі компания 2018 жылы жасалған келісімшарттың бірнеше тармақтарын бұзды деп айтып отыр. Ол 365 миллион талап етуде.
Боксшы әріптестерімен келісімшартты бұзуды және жоспарланған сегіз кездесуі үшін 280 миллион долларды алуға ниетті.