auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сарапшы Қанат Исламның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

Өткен жылы Қанат Исламның Брукпен кездесуге дайын екенін айтып еді.

Сарапшы Қанат Исламның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты
©:expo2017culture.kz
Британдық бокс сарапшысы Ли Кормли Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында орта жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы британдық Келл Брук (36-2, 25 КО) пен қазақстанды Қанат Ислам (25-0, 20 КО) арасындағы кездесу жуық арада өтуі мүмкін екенін айтып берді. 

Бркутың жекпе-жектерін қазіргі уақытта жуық арада қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасаған британдық промоутер Эдди Хирн ұйымдастырады. 

Наурыз айының басында Брук бірінші орта салмақтағы бірінші кездесін өткізіп, беларус боксшысы Сергей Рабченконы (29-3, 22 КО) екінші раундта нокауқта түсіріп, WBC Silver белбеуін жеңіп алды. 

"Брук пен Ислам 2018 жылы кездесуі әбден мүмкін. Менің ойымша, Хирн Қазақстанға тек Елеусіновпен келісімшарт жасауға барған жоқ. Ол Ислам мен Брук арасындағы кездесу туралы да сөйлесіп қайтуы мүмкін. Олар бұл кездесуде Эрисланди Лара мен Джаретт Херд арасындағы кездесудің мінджетті қарсыласы атағын сарапқа салатын шығар. Егер Брук Амир Ханмен жекпе-жекті ұйымдастыра алмаса, Ислам жақсы қарсылас болады", - деді Кормли. 

Еске салайық, 2017 жылдың қараша айында Қанат Исламның командасы Брукпен кездесуге дайын екенін айтып еді. Кейін бұл жағдайға байланысты британдық боксшының командасы да пікір білдірді

Жуырда "QAZAQ" бірнеше қазақ боксшыларының жекпе-жектерін ұйымдастыратын менеджер Эгис Климаспен келісімшарт жасады. Қазақ боксшыларынан бөлек бұл маман украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) және Александр Усик 14-0, 11 КО) секілді танымал боксшылармен жұмыс істейді. 

Келісімшарт жасалғаннан кейін Климас бір-екі кездесуден кейін Қанат Исламның чемпиондық белбеуге таласатыны туралы айтты. Қазіргі уақытта отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. WBO рейтингінде екінші орынға жайғасып тұр. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар