Сарапшы Жүкембаевтың АҚШ жеріндегі екінші кездесуі қандай маңызға ие екенін айтты
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) АҚШ жерінде екінші кездесу өткізуі дұрыс. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com редакторы Джек МакКаферри айтты.

11 желтоқсан күні Спрингфилд (Вирджиния штаты, АҚШ) қаласында отандасымыз мексикалық Хуан Хос Мартинеспен (28-10, 20 КО) кездеседі.
"Жүкембаев бұрынғы проомоутерімен жұмыс істеуді тоқтатты. Енді ол ешкімге тәуелді емес. Сондықтан Батыр мықты екенін көрсету керек. Соңғы жеңілісінің орнын басу қажет. Жүкембаевтың карьерасын АҚШ-та жалғастырамын деген шешім дұрыс. Өйткені мұнда кәсіпқой бокста көп табысқа жетуге болады. Оның алдағы қарсыласы туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі мексикалықтың жекпе-жектерін көрмегенмін. Қазақ боксшысына жарқын жеңіс керек. Содан соң ол қайта мықтыларға қарсы үміткер болады", - деді МакКаферри.
Еске салайық, биыл мамыр айында Жүкембаев АҚШ жерінде бірінші кездесуін Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 KO) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын.
Жарнама