auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Санчес Головкинді қартайды деп сынағандарға жауап берді

Санчес Головкинді қартайды деп сынағандарға жауап берді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес өзі жаттықтыратын спортшыға қатысты соңғы екі жекпе-жекте көңілге қонымсыз өнер көрсетті деп сын айтуышыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл қызықты жағдай, адамдар осындай пікірлерді қалай жазады. Еш уақытта Флойд Мейвезерді әбден састырған Шейн Мозли кездесуінде, немесе Маркос Майдана жиі соққы алғанда ешкім америкалықтың қартайғаны туралы тіс жарып айтпады. Андре Уорд Сергей Ковалевті бірінші раундта нокдаунға түсіргенде де ешкім ештеңе айтпаған. Бұл мыйға қонбайды - орта салмақта Геннадийдің нокаут бойынша көрсеткіші өте жоғары, ол ешқашан нокдаунда болған емес, бірақ адамдар оның қартайып жатқанын айтып жар салуда", - дейді бапкер.

Бапкердің айтуынша, Дэнни Джейкобс орта салмақтағы екінші мықты боксшы болды. "Келл Брук жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген. Осы екеуімен кездесулердің оңайға соқпайтынын барлығы білді. Бұл жігіттер сапалы қарсылас бола алды, Геннадийді не үшін сынға алатынын түсінбеймін", - деді Санчес On the Ropes Boxing Radio әуе толқынына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама