auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Санчес Головкин-Сондерс кездесуінің келіссөздері мен жекпе-жектің қаншалықты маңызды екенін айтып берді

Санчес Головкин-Сондерс кездесуінің келіссөздері мен жекпе-жектің қаншалықты маңызды екенін айтып берді
© Zimbio.com
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес орта салмақтағы WBO тұжырымының иегері британдық Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) командасымен келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтып берді. 

"Мен Головкин мен Сондрес арасындағы жекпе-жекті көргім келеді. Өйткені, Головкиннің мақсаты - орта салмақтағы төрт белбеуді иелену. Егер ол барлық белбеуді біріктіретін болса, біз басқа бағыт бойынша жұмыс істейтін боламыз. Сондықтан да бұл жекпе-жек Головкин үшін маңызды. 

Том Леффлер (Головкиннің промоутері) мен Фрэнк Уоррен (Сондерстің промоутері) әлеуметтік желісіндегі жазбаларына қарайтын болсақ, олар бір шешімге келуге жақын қалыпты. Менің ойымша, олар Сондерске біз ұсынып отырған сыйақы бойынша келісімшарт жасау туралы мәселені шешіп жатыр", - дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, дереккөздің мәліметі бойынша, Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі 10 тамыз күні Қазақстанда өтеді. Сонымен қатар, британдық боксшы өзінің твиттер парақшасында бұл кездесудің 24 тамыз күні Лондондағы O2 Arena спорт кешенінде өтетінін хабарлады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
30 маусым, 01:51
Кәсіпқой бокс
"Канело" ең үздік боксшыны атады "Канело" ең үздік боксшыны атады

Жарнама

Жарнама