Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) WBC пен Турки Әл Аш-Шейх ұйымдастырып жатқан Гран-при турнирдің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдегі екінші жекпе-жегінде отандасымыз филиппиндік Джеральд Интонамен (12-0, 9 КО) жұдырықтасты. Санатәлі кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қарсыласын 58-54, 57-55, 57-55 есебімен айқын жеңіп шықты. Қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға да түсірді.
Айта кетейік, филиппиндік боксшы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына кіреді. Сонымен қатар WBC Asia белбеуінің қазіргі иегері.
Санатәлі Төлтаев ширек финалға шыққаны үшін 20 мың доллар көлемінде пайда тапты. Ал жеңілген боксшыға 10 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.
Жарнама