Сәкен Бибосыновты жеңген боксшы Головкиннің промоутерімен келісімшарт жасамақ

©Сурет: Olympic.kz. Владислав Семенов©

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы, қазақстандық Геннадий Головкиннің қосалқы промоутері Эдди Хирн Олимпиада ойындарының чемпионы Джалал Яфаймен келісімшарт жасамақ, деп хабарлайды worldboxingnews.net.

52 келіде Токиода өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері жақын арада DAZN платформасымен келісімшарт жасап, жекпе-жек өткізеді. 

Еске салайық, Яфай Олимпиада ойындарының жартылай финалында қазақстандық Сәкен Бибосыновпен кездесіп, жеңіске жетті. Ал финалда ол жапониялық Руомей Такатадан үстем түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар