Қазақстандық боксшы 20 шілде күні Бішкекте өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Boxrec ақпараты бойынша, отандасымыз кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Леганмен жұдырықтасады.
Қарсыласы кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 6 рет жеңіске жетіп, 4-де уақытынан бұрын ұтқан. 1 рет жеңіліп, 3 кездесуінде тең түскен.
Бокс кешіне өзбек Хасанбой Дусматов пен қырғыз Мунарбек Сейітбекуулы да қатысады. Хасанбой кәсіпқойдағы 7-ші жекпе жегіне шықса, Мұнарбек дебют жасайды.
Сәкен осыған дейін “Спорт министрі” арнасына берген сұқбатында кәсіпқой бокстан ұсыныс түсіп жатқаны туралы айтқан болатын.