Садриддин Ахметовтің шаршы алаңға қашан оралатыны нақты анықталды

©Eye Of The Tiger Managment

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахметовтің (12-0, 10 КО)  шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Дереккөздің Vesti.kz тілшісіне бөліскен ақпараты бойынша, отандасымыз келесі кездесуін 11 желтоқсанда өткізеді. 

"Алматы Аренада" қазақстандық боксшылардың қатысуымен жекпе-жек кеші өтеді. Онда Жанқош Тұраров та өнер көрсетеді. 

Еске салайық, Ахмедов 2021 жылдың қаңтар айынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Кейінгі айқасында ол нидерландылық Стивен Даньоны (18-4-3, 7 КО) жеңіп, NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеулерінің иегері атанды. 

2021 жылдың желтоқсан айында Садриддин АҚШ жерінде алғашқы кездесуін өткізуі керек еді. Бірақ, отандасымыз жарақат алып қалды. 

Жалпы Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысып, 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар