Профи-бокс
6 қаңтар 2021 12:40

Садриддин Ахметов алдағы кездесуінде төрт чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін

Садриддин Ахмедов. Сурет: instagram.com/sadriddin_____soq/
Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Эстефан қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) алдағы кездесуі туралы айтып берді. 

Отандасымыздың алдағы қарсыласы Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болады. Негізі әуел баста бұл кездесу Канадада өтуі керек болатын. Бірақ пандемияға байланысты жекпе-жек 30 қаңтар күні Мексикада өтетін болды. 

Эстефанның айтуынша, бұл кездесуден кейін Стивен Батлер мен Ахмедов әлемдік рейтингте біршама жоғары көтеріледі екен. 

"Біз қазір нақты жауап күтіп отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса бұл кездесулерде сегіз бірдей екінші деңгейлі белбеу болуы мүмкін. Қазір алты белбеу бойынша мәселе шешіліп қойды. Мен тарихшы емеспін. Бірақ бұл рекорд шығар. 

Менің басты мақсатым - Стивен мен Садриддинді бірдей рейтингте жоғары көтеру. Бұл боксшыларға байланысты біздің жоспарымыз көп", - деді Эстефан Journaldemontreal.com басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға бір жыл бұрын Монреаль (Канада) қаласында шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосаны (13-6-2, 8 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді. 

Алдағы кездесу Ахмедов үшін Мексика жеріндегі бірінші кездесу болмақ. Жалпы ол кәсіпқой боксқа 2018 жылы өтіп, 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.