Профи-бокс
1 қаңтар 2022 15:37
 

Садриддин Ахмедовтің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

  Пікірлер

blog.share

Садриддин Ахмедовтің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды ©SOQ team

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі кездесуіне дайындықты қаңтарда бастайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз айтып берді. 

blog.share

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі кездесуіне дайындықты қаңтарда бастайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз айтып берді. 

Ахмедов өткен жылы мүлде айқас өткізбеді. Енді ол келесі кездесуін 2022 жылдың алғашқы айларының бірінде өткізуді жоспарлап отыр. Соңғы мәрте отандасымыз шаршы алаңға 2021 жылдың қаңтар айында шығып, нидерландылық Стивен Даньоны (18-4-3, 7 КО) жеңді. Бұл кездесуде Ахмедов екінші орта салмақта NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеулерін жеңіп алды. 

Желтоқсан айында Садриддин АҚШ жерінде Eye of the Tiger Managment компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде айқас өткізу керек болған. Бірақ бұл кездесу өтпей қалды. 

Жалпы Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысып, осы уақытқа дейін 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол кездесулердің онын Канада жерінде өткізсе, бір рет Қазақстанда және бір мәрте Мексикада жұдырықтасты. Өткен жылдың наурыз айында ол EOTTM компаниясымен келісімшарт жасап, бірінші рет әке атанды. Қазіргі уақытта боксшы отбасымен бірге Квебек (Канада) қаласында тұрады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!