Стивен Даньомен (17-4-3, 6 КО) кездесудің алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын орнына Канаданың гимнін қосып жіберді.
"Иә, мұндай жағымсыз жағдай болды. Ұйымдастырушылар мен Канадада жаттығатыныма қарап, осы елдің әнұранын қойып жіберді. Әрине, бұл ұйымдастырушылардың үлкен қателігі. Мен бұл мәселеге байланысты өз наразылығымды білдірім. Дегенмен, менің жеңісімнен кейін көптеген мексикалықтар Қазақстан туралы көбірек біліп алды. Жеңіске жеттім. Үш белбеу жеңіп, туымды көтердім", - деді Ахмедов Vesti.kz порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, Ахмедов 10 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіске жетіп, бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды.