Садриддин Ахмедов үш чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов нидерландылық боксшы Стивен Даньоны жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Олардың кездесуі Мексиканың Куэрнавака қаласында өтіп, бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулері сарапқа салынды. 

Жекпе-жек он раундқа жоспарланып, боксшылар он раунд жұдырықтасып шықты. Айқастың соңында төрешілер бір ауыздан жеңісті Ахмедовке берді. Бұл отандасымыз үшін кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Ахмедов бірінші рет Мексика қаласында жұдырықтасты. Бұған дейінгі он кездесуді ол Қазақстанда өткізсе, он жекпе-жекте Канадада, бір айқасты Қазақстанда өткізді. 






Метки:
Жаңалықтар