Профи-бокс
21 желтоқсан 2020 16:08

Садриддин Ахмедов неге жекпе-жек өткізбей жатқанын айтып берді

Сурет: instagram.com/sadriddin_____soq/

Бірінші орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) неге шаршы алаңға шықпай жүргенін айтып берді. 

Ол соңғы рет 2019 жылдың желтоқсан айында Монреаль қаласында шығып, аргентинкалық Хосе Антонио Вильялобосаны (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді. 

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Пандемияға байланысты жекпе-жегіміз анықталмай жатыр. Жекпе-жектің созылуына менің, жаттықтырушымның немесе промоутерімнің кінәсі жоқ. Алланың қалауымен жақын арада барлығы белгілі болады және Канада елінің басшылығы келісімін беретінін айтты. Қазақ елінің көк байрағын желбірету үшін барымды салып, қазақтың кім екенін дәлелдеуге толық қызу жаттығу үстіндемін. Тәуелсіз еліміз мәңгі жасасын", - деп жазды боксшы әлеуметтік желісінде. 



Айта кетейік, әуесқой бокста Ахмедов жастар арасында әлем чемпионы атанған. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.