Профи-бокс
9 қыркүйек 2017 20:58
 

Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшыны уақытынан бұрын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшыны уақытынан бұрын жеңді Тұрар Қазанғапов

Ауыр салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшы Андреас Матиас Афранлиді уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан айласын асыра білді. Үшінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға түсірсе, төртінші раундта айқын жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы төртінші рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

32 жастағы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Осыған дейінгі үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.

blog.share
Ауыр салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшы
Андреас Матиас Афранлиді уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан айласын асыра білді. Үшінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға түсірсе, төртінші раундта айқын жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы төртінші рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

32 жастағы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Осыған дейінгі үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.

Жарнама

Живи спортом!