Рой Джонс шаршы алаңға оралады. Аңыз боксшыға қарсылас іздеуде

©Global Look

Танымал боксшы кіші Рой Джонс Official Celebrity Boxing промоушенімен келісімшарт жасады. Енді ол шаршы алаңға қайта оралады. Бұл туралы TMZ Sports хабарлады. 

"Шамалы қобалжып тұрмын. Бұл біздің тарихымыздағы ең ірі келісімшарт. Қазіргі уақытта біз Ройға қарсылас іздеп жатырмыз", - деді Official Celebrity Boxing басшысы Деймон Фельдман. 

Айта кетейік, соңғы рет Джонс шаршы алаңға 2020 жылы шығып, Майк Тайсонмен шоу кездесу өткізген болатын. Ол жекпе-жек тең аяқталды. 

Жалпы 53 жастағы Джонкс кәсіпқой бокста 66 кездесуде жеңіске жетсе, 9 мәрте жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар