Рой Джонс Майк Тайсонмен өтетін кездесудің алдында құлағын сақтандырып қойды

Сурет: gamblingsites.org
Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс әлемнің абсолютті чемпионы Майк Тайсонмен өтетін кездесудің алдында құлағын сақтандырды. Бұл туралы Джонсонның менеджері Жолт Барн айтты. 

Бұл екі боксшы арасындағы кездесу 12 қыркүйек күні Калифорнияда өтеді. Айқас сегіз раундқа жоспарланған. 

"1997 жылы Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағын екі рет тістеп алғанын ескере отырып менеджер Джонстың құлағын сақтандырып қойды", - делінген Roy Jones Jr Boxing Russia Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Тайсон Холифилдқа қарсы екі рет кездесу өткізді. Бірінші рет ол Холифилдтен нокаут алып қалса, екінші кездесуде қарсыласынан құлағын тістеп, жекпе-жектен шеттетілді. 

Жалпы 54 жастағы Майк Тайсон кәсіпқой бокс шаршы алаңында 58 кездесу өткізіп, 50 кездесуде жеңіске жеткен. 44 жекпе-жекте ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Алты рет жеңілген. Екі кездесуі есепке алынбаған. 

Ал 51 жастағы Рой Джонс болса карьерасын 2018 жылы аяқтады. Ол әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы. 66 жеңісі бар. 47 рет қарсыластарын құлатқан. Тоғыз рет жеңілген. 


Метки:
Жаңалықтар