"Мен басқа шаршы алаңға шығу үшін басқа шаруларымды ысырып қоюға мәжбүр болдым. Бұл менің жоспарымды өзгертті. Ең басты проблемма осыда. Мен қазір тұрақты жұдырықтасып жүретін боксшы емес, Сондықтан басқа шарулармен де айналысамын. Әрине, ақша табу үшін. Қазір басқа шаруаларым тоқтап қалды. Сол үшін де маған өтемақы беру керек. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Менің заңгерлерім жағдайды дұрыс шешу үшін Тайсонның заңгерлерімен сөйлесіп жатыр.
Егер келісімге келе алмаса, жекпе-жек өтпейді. Мен не үшін жекпе-жекті кейінге шегеру керекпін. Біз 12 қыркүйекке келіскен еді. Ол кезде ешкім жанкүйер туралы әңгіме айтпады. Бірақ әрине жанкүйер болса ақша да көп түсетіні анық. Барлықтарыңыз бұл кездесуде мен көп ақша табады деп ойлап отырсыздар ғой. Шынына келсек, маған бұл жекпе-жектен керемет көп ақша түспейді", - деп келтіреді Джонстың сөзін Daily Mail.
Айта кетейік, Тайсон мен Джонс арасындағы кездесу әу баста 12 қыркүйек күні өту керек еді. Бірақ айқасты 28 қарашаға ауыстырды.