Профи-бокс
19 ақпан 2017 13:13
 

Рой Джонс мансабын аяқтайтынын айтты

  Пікірлер (1)

blog.share

Рой Джонс мансабын аяқтайтынын айтты Сурет Eurosport

Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBF) нұсқасы бойынша 90,71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Рой Джонс кәсіпқой бокстағы мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Boxingscene.

«Бұл менің бокстағы соңғы жылым деп ойлаймын. Менің жасыма келгенде қай жыл соңғысы болатынын білмейсіз», - деді 48 жастағы былғары қолғап шебері.

Оған қоса, оның алдағы уақытта өткізетін кез келген жекпе-жегі кәсіпқой мансабындағы соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін айта кетті.

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 18-шы ақпан күні канадалық Бобби Ганнды жеңді. Осылайша, Джонс WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Рой Джонс кәсіпқой бокстағы мансабында 65 мәрте жеңіске жетіп (47-сін уақытынан бұрын аяқтаған),9 рет жеңілген.

blog.share
1
Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBF) нұсқасы бойынша 90,71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Рой Джонс кәсіпқой бокстағы мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды 
Boxingscene.

«Бұл менің бокстағы соңғы жылым деп ойлаймын. Менің жасыма келгенде қай жыл соңғысы болатынын білмейсіз», - деді 48 жастағы былғары қолғап шебері.

Оған қоса, оның алдағы уақытта өткізетін кез келген жекпе-жегі кәсіпқой мансабындағы соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін айта кетті.

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 18-шы ақпан күні канадалық Бобби Ганнды жеңді. Осылайша, Джонс WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Рой Джонс кәсіпқой бокстағы мансабында 65 мәрте жеңіске жетіп (47-сін уақытынан бұрын аяқтаған),9 рет жеңілген.

Жарнама

Живи спортом!