Профи-бокс
9 шілде 2021 18:34
 
"Рингтен тірі шықсам болар еді". Ресейлік боксшы Құлахметпен кездесу туралы

  Пікірлер

blog.share

"Рингтен тірі шықсам болар еді". Ресейлік боксшы Құлахметпен кездесу туралы

Ресейлік кәсіпқой боксшы Алексей Евченко (19-4, 8 КО) Vesti.kz порталына берген сұқбатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахметпен (3-0, 2 KO) кездесуі туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, ол осындай қысқа уақыттың ішінде жекпе-жекке не үшін келісім бергенін айтты. 

Құлахмет пен Евченко арасындағы кездесу 10 шілде күні Алматы қаласында өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы WBC International белбеуін қорғайды. Негізі әу баста Тұрсынбайдың қарсыласы украиналық Станислав Свкороход (20-2, 17 КО) болуы керек еді. Алайда ол жарақат алып қалды. 

- Қазақстанға жету оңай болмады. Үш рейс ауыстырып келдім. Әйтеуір жеттік. Қазір барлығы жақсы, - деп бастады әңгімесін Евченко.

- Сіз жекпе-жекке аз уақыт қалғанда келісім бердіңіз. Не үшін?

- Менің карьерамда мұндай жағдай бірінші рет емес. Үнемі осылай деп айтсам болады. Бір рет жекпе-жекке үш күн қалғанда жолға шыққан кезіміз болды. Сербияда 10 раундқа жоспарланған кездесу болған еді. Ал негізі маған екі апталық жаттығу да жетеді. Бапкерім Құлахметке қарсы қалай жұдырықтасу керек екенін түсіндіріп берді. Жекпе-жек қалай өтетінін де біліп тұрмын. Негізі қазақстандық боксшылар өте жылдам, соққылары ауыр болып келеді. Себебі әуесқойда әбден шыңдалған ғой. 

- Жекпе-жектен қандай нәтиже күтесіз?

- Жеңіске жетсем қатты қуанар ем. Бірақ ең бастысы - рингтен өз аяғыммен тірі шығу. Кездесуден кейін денсаулығыма зиян келмесе екен. Жақсы айқас көрсетуге тырысамыз. Арман қуып, алысқа кеткім келмейді. Мен рингке ақша табу үшін ғана шығамын. 

- Көрермендерге айтарыңыз бар ма?

- Боксшыларды қолдауға келіңіздер. Кімді қолдайсыз - ол маңызды емес. Бастысы әдемі атмосфера жасаңыздар! 

Жарнама

Живи спортом!