Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпионына міндетті қарсылас атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл жаңалыққа қатысты ресми мәлімдеме ұйымның ресми сайтында шықты.
Орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде мен қазақстандық боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға 20 күн уақыт берді. Кері жағдайда кездесуді өткізу құқығы промоутерлік бәссаудаға шығады.
Еске салайық, осыған дейін Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO ұйымына хат жазып, онда қазақстандық боксшыны Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы етіп тағайындауды сұрады.