bkhIyiWcOsBrk4Z38TqCKRAUAzEyl4a0GBtaPSuD
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ресми: Головкин мен "Канело" екінші рет жекпе-жек өткізетін күн анықталды

Ресми: Головкин мен "Канело" екінші рет жекпе-жек өткізетін күн анықталды

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жегі жайлы келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, кездесу 15 қыркүйекте өтеді. Бұл күн - Мексиканың Тәуелсіздік күнінің уик-энді. 

"Кездесудің 15 қыркүйекте өтетінін аса қуанышпен жария етемін, #CaneloGGG2", - деп жазды Оскар де Ла Хойя Twitter желісінде. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің қорытынды келіссөздері ресми жарияланымға бір жарым сағат қалғанда өткен. Бастапқыда Оскар де Ла Хойя ESPN басылымына берген сұхбатында "екінші кездесу өтпейді, бұл 100 пайыз" деп мәлімдеген. Алайда бес минут өткенде тараптар қайта талқылауға көшкен. 

Ал одан бір тәулік бұрын мексикалық Сауль "Канело" Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинге ультиматум қойған. Гоместің сөзінше, олар Головкинге қыркүйекте болуы мүмкін қарымтаның кірісін бөлісу туралы соңғы ұсыныстарын айтқан. Ол шарт бойынша табыс Альварестің пайдасына 57,5-те 42,5 болып бөлінеді.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile арнеасында өтіп, төрешілер шешімі бойынша тең аяқталған. Ол кезде қазақстандық түскен табыстың 30 пайызын ғана алған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама