Ресми! Деревянченко келесі кездесуін Чарлоға қарсы өткізеді

Сурет:

Орта салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 KO) 26 қыркүйек күні өтетін кездесуінде украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) кездеседі. Бұл туралы Showtime телеарнасы ресми хабарлады. 

Бұл бокс кешінде Чарлоның егіз бауыры, бірінші орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері Джермаллл (33-1, 17 КО) да шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері доминикандық Джейсон Росарио (20-1-1, 14 КО) болады. 

Әзірше Showtime телеарнасы ағайындылардың қайсысы кештің басты кездесуінде шығатынын хабарламады. Бірақ екін кездесуі де ақылы, яғни PPV жүйесі арқылы көрсетіледі. Бұл Деревянченко үшін PPV жүйесіндегі бірінші кездесуі болмақ. 

Жыл соңына дейін Showtime телеарнасы жеті жекпе-жек көшін өткізуге ниетті. Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметі бойынша, бұл кездесулердің барлығы жанкүйерсіз, Коннектикут штатындағы Мохеган жерінде Mohegan Sun казиносында өтеді. 

Еске салайық, Деревянченко өзінің соңғы кездесуін 5 қазақ күні Нью-Йорк қаласында өткізіп, қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған еді. Ал Чарло болса 7 желтоқсан күні ирландиялық Деннис Хоганмен кездесіп, WBC белбеуін қорғап қалды. 




 

Жаңалықтар