Ресейлік маман Ислам-Альварес жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесетке пікір білдірді
Ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Ол Vesti.kz сайтына берген сұхбатында мұндай жекпе-жектің өтуі мүмкін емес екенін айтып отыр.

"Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.
Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді.
Жарнама