Профи-бокс
2 маусым 2022 16:45
 
Ресейлік боксшы кәсіпқойдағы соңғы кездесуі үшін әлі сыйақысын ала алмай жүр

  Пікірлер

blog.share

Ресейлік боксшы кәсіпқойдағы соңғы кездесуі үшін әлі сыйақысын ала алмай жүр ©Big Fight Weekend

14 мамыр күні Калифорния штатында бокс кешін ұйымдастырған Triller промоутерлік компаниясы осы кеште өнер көрсеткен ресейлік Сергей Ковалев, ағайынды Тервел және Кубрат Пулевке сыйақыларын әлі бермеген. Ал Кубрат Пулевтің қарсыласы болған Джерри Форрес сыйақысының тек аз ғана бөлігін алған. Бұл туралы Big Fight Weekend жазады. 

Еске салайық, бұл бокс кешінде Сергей Ковалев бірінші ауыр салмақта Тервел Пулевті жеңсе, Кубрат Пулев Форрестен айласын асырған еді. 

Калифорния спорттық комиссиясының ақпараты бойынша, бұл кездесу үшін Ковалев 500 мың доллар, Тервел Пулев 195 мың, Кубрат 204 мың, ал Форрес 140 мың доллар алуы керек еді. 

Бірақ кездесудің өткеніне екі аптадан аса уақыт өтсе де, Triller промоутерлік компаниясы сыйақыларын әлі бермеген. Компания 75 күн уақыт алыпты. Енді бұл уақыттың ішінде компания сыйақыны бермесе, іс сотқа кетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!